ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

28 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда «TEATR ALL Nur-Sultan Week» театр фестивалі басталады
27.10.2021
Ер Төстік
02.11.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «TEATR ALL» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Театрымыздың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қуат Ежембектің Қазақ халқының эпостық жыр желісі бойынша жаңаша бағытта жазылған «ЕР ТӨСТІК» ертегісімен қатысқан біздің ұжым табысқа жетті. Аталмыш қойылымның режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Құралай Ешмұратова «ТЕАТR ALL -2021» Халықаралық қатысып, қол жеткізген табыстары үшін арнайы дипломмен марапатталып, театр актерлі Дархан Мүсілімов «Үздік қуыршақ театры артисі», Әбу-Самат Түсіпбаев «Жаңа есім» номинациясының иегері атанды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Және осы фестивальді ұйымдастырушыларға, пікір білдіріп, ойын ортаға салған сарапшыларға зор алғыс айтамыз!