Театр директоры

Хасанғалиева Тоғжан Ескендірқызы

Директор, Философия ғылымдарының кандидаты, Доцент

Хасанғалиева Тоғжан Ескендірқызы 1967 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және сурет өнері институтын, драма режиссері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987-1992 жылдары Одақтық Балалар қорында – балалармен жұмыс атқару бөлімінің жетекшісі қызметінде бастаған.

1992-94 жылдары  Мемлекеттік қуыршақ театры – актриса

1994-97 жылдары №27305 әскери бөлімшесінде – клуб меңгерушісі қызметі

 1997-2007 жылдары «Айжан қуыршақ театры» – директор және көркемдік жетекші

2007-2008 жылдары Жас көрермендер театры МКҚК-ны – директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары.

2008-2010 жылдары «Джунгли-аниматрониктік театры» МКҚК-ны – директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары.

2010 жылдан бастап  «Қуыршақ театры» МКҚК-ның директоры қызметін атқарып келе жатыр.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалімен марапатталды.

 Тоғжан Хасанғалиева «Адам өміріндегі мәдениет рөлі», «Бала мен қуыршақ театрының байланысы», «Қуыршақ театрының режиссері мен суретшісінің міндеттері», «Қуыршақ театры артисінің сахна сөзі ерекшелігі», «Қазақстандағы қуыршақ театрының өркендеуі» сынды көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

2007 жылы Т. Хасанғалиеваның «Театр кукол как феномен культуры» атты кітабы жарық көрді. Сол жылы мәдениет философиясы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ие болды.

Тоғжан Ескендірқызының кез келген жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, уақытылы атқаруы, оның жоғары профессионалды екенін және де театрға бар ықыласымен берілгендігін дәлелдейді. Ол әкімшілік қызметпен қатар шығармашылықпен айналысып келеді. Оның қаламынан туған және өзі сахналаған «Самрұқ құс туралы аңыз»,  «Джунглидағы жаңа жыл», «Жоғалған қала тарихы», «Маугли», «Наурыз –Думан», «Ратха Джунгли Ханшайымы», «Сәлем, Астана», «Көктем әуені» атты қойылымдары көрермендердің ыстық ықыласына бөленуде.

Тоғжан Ескедірқызы 2008 жылы Қазақ Ұлттық Музыка академиясында ашылған «Қуыршақ театры актеры» бөлімінде және 2012 жылы ашылған «Қуыршақ театры режиссері» шеберханасында студенттерге дәріс оқып, ұстаздық етуде.

 Ұлағатты ұстаз, Мәдениет философиясы ғылымының кандидаты әкімшілік, оқытушылық қызметтерді атқарумен қатар, үнемі шығармашылық ізденісте жүреді.