«Сиқырлы кілем» Ә. Табылдиев

Қоюшы - режиссер – А. Салаева           
Қоюшы - суретші – Ш. Елембаева       
Режиссердің ассистенті – Д. Бейсенбаев,         
Қазақстанның Мәдениет қайраткері    
Режиссердің көмекшісі –Д. Утеев


Бұл ертегі биыл тоқсан жасқа толып отырғанәйгілі балалар жазушысы Әдібай Табылдиев жайында. Аңыз адам әлі күнге дейін балалар қауымын назардан тыс қалдырмай, оларға сан алуан кейіпкерлерге, қызықты оқиғаларға толы туындыларды ұсынып келеді. Бұл ертегі Әдібай ата сияқты әңгімешіл, ойнауды жақсы көретін балаларға қатты ұнайды. Аталмыш қойылымда біздің кішкентай көрермендеріміз Әдібай атаның ертегі әлеміндегі кейіпкерлерімен тағы бір мәрте қауышады.