«Сиқырлы сөздер» радиоспектакль

Qazaq radiosy
10.02.2020
«САХНА САҢЛАҒЫ – 2020»
02.03.2020

Қаззақ радиосы "БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ" хабарынан "Сиқырлы сөздер" радиоспектаклін ұсынады! Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік Қуыршақ театрының орындауында қырғыз халқының ақыны, драматург, әдебиеттанушы Мырзабек Тойбаевтың «Сиқырлы сөздер» ертегісін тыңдаңыздар. Сахнаға лайықтап, инсценировкасын жасаған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген артисі, қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері Ешмұратова Құралай Халекетқызы.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Атасы –«Еңбек даңқы» медалінің иегері Нұржан Ахметов

Алтай –«Еңбек даңқы» Айжан Садықова

Елтай – ҚР мәдениет саласының үздігі Салтанат Мағзым

Шайтан 1 –Абусамат Түсіпбаев

Шайтан 2 –Əбілхайыр Сəлімбаев

Автордың мәтінін оқыған –Абусамат Түсіпбаев

Хабардың авторы Толқын Сұлтан. Дыбыс режиссері Қайсар Ердеш.