«Сен ол Мен» Х. Юрковский

Қоюшы режиссер – М.Ташпенов
Қоюшы-суретші – Ш. Елембаева           

Хореограф -Ю.Амирова
Режиссердің ассистенті – Н. Ахметов    
Режиссердің көмекшісі – А. Қанаева     


Көптеген әлем елдерінде ертегісіз өмір сүре алмайтын актерлер бары ақиқат. Ондай актер біздің де қойылымыздан табылады. Оның қуыршағы тым қарапайым – қалғапты қуыршақ. Олар өздігінен ешқандай іс-әрекетке түсе алмайды. Бірақ, қолға кие салысымен олар тіріле бастайды. Тіпті, бір-бірімен шекісіп те қалып жатады. Ол аз десеңіз, бір-біріне ашық соғыс та жариялайды. Олар не үшін ондай қадамға барады? Егер данышпан Қуыршақшы болмаса, олардың өзара соғыс ұраны қанша уақытқа созылары еді?...         
Аталмыш спектакльдің айтар ойы - ірі һәм ұсақ болсаңда, біріміз бір-бірімізге ұқсаспыз әрі бір аспанның астындамыз дегенді меңзейді. Сондай-ақ, егер досыңды өкпелетсең, өзіңді өкпелеткенің дегенді алға тартады. Қойылымның маңыздылығы да осында.