«Орманда болған оқиға» Т. Хасанғалиева

Қоюшы-режиссер – А. Салаева
Қоюшы-суретші – А. Сырбаева                       
Режиссердің ассистенті – А.Садықова
Режиссердің көмекшісі – А. Қанаева   

Орман атасы мәңгі тыныштық болып, түгелі тату-тәтті өмір сүргендерін қалайтын орманда, еркетотай Түлкішек пен кішкентай тәрбиелі Көжек дос болады. Алайда, екеуінің достығы, көп жыл бойына араздасып жүрген, олардың ата-анасы, яғни қызғылт Түлкі, қатал Қоян мен Аюға ұнамайды.           
Бірде, кішкентай, еркетотай Түлкішек бір бәлеге тап болады. Сол кезде оны достары Көжек пен Қонжық өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, құтқарып алады. Бұл оқиғалардан кейін, бір-біріне араздасып жүрген
ата-аналар адал достықты бағалап, татуласады. Міне, осылайша орманда мәңгі тыныштық орнайды.