«Мәңгілік бала бейне» Р. Мұқанова

Қоюшы – режиссері: Қ. Ешмұратова, 
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Қоюшы – суретшілер: Ш. Елембаева, Н. Клименко, Л. Қожақова                      
Режиссердің ассистенті: Д.Бейсенбаев ,ҚР Мәдениет қайраткері

Режиссердің көмекшісі: А. Қанаева      
                       
Қалам құдіретімен «Муза», «Мысықтар патшалығы», «Сарра», «Шатыр астындағы Мен» сынды пьесаларды тудырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» туындысының шоқтығы қашанда жоғары.       
Көптеген төл театрларымыздың сахнасынан орын алып, көрермен көңіліне жол таба білген шыншыл шығармадағы Ләйлә қыздың тағдыры арқылы, бүтіндей қазақ халқының қайғы-қасіретін танып білуге болады.         
Панасыз күйде қалған басты кейіпкердің қалың мұңы, жанына жанашыр кісі таппай жарық аймен тілдесуі, дарқан дала зарын еске түсіретіндей...     
1949-1989 жыл аралығында өткен Семей полигон жарылысы сан мыңдаған адамның ғұмырын келте қылғаны бек ақиқат. Ендеше, аталмыш тақырыпты қамтитын өміршең спектакль, бүкіл сынақ құрбандарының рухына бағышталады.   
Жанарға жас үйірер трагедияға толы қойылым, жоғары сынып оқушыларына арналған.