Мәдениет қызметкерлерін қолдау

НҰР-СҰЛТАН» қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов Елордалық қуыршақ театрының тынысымен танысты
24.09.2019
Бізде қонақта Евразия бірінші арнасы «Content» бағдарламасы «Кіm bolam» pyбрикасы
28.09.2019

«Мәдениет қызметкерлерін қолдау. Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.
Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.
Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.
Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.
Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.
Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.
Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек.» СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан
-------------------------------------------------
Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» ұжымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.