Құрметті Елордалықтар мен қала қонақтары!

Búgingi kún-erteńgi tarıh! Teatrymyzdyń ónerpazdary Semeı qalasynda is-saparda.
22.10.2019
«ЭКСТРИМ» МӘСКЕУЛІК ОЙЫН-САУЫҚ бағдарламасы
28.10.2019

Сіздерді 2019 жылғы 9 қарашада сағат 19.00-03.00 аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Музейлер парады» жалпы Республикалық акциясы аясында өтетін «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты іс-шараны тамашалауға шақырамыз.

Іс-шара барысында ​ ұмытылып бара жатқан халық әндері орындалады, ұлттық ойындар ұйымдастырылады, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылады.

Сіздер үшін мұражайдың «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия өткізіліп, «Біз куәміз» атты деректі фильм көрсетіледі.

Рухани кешіміздің көрермені болыңыздар!

Кіру – тегін.
@museumalzhir
@akimat_nur_sultan