«Қаңбақ шал» Қ. Ешмұратова

Қоюшы режиссер – А.Салаева              
Қоюшы суретші – Ш. Елембаев
Биін қойған – Ю. Амирова         
Режиссердің ассистенті – Н. Ахметов
Режиссердің көмекшісі – А. Қанаева

Көне ертегінің желісі бойынша жазылған туынды да, айлакер түлкі мен өздерін мықтының мықтысы санайтын екі дәуден, ақылын асырып, шаңырағын аман сақтап қалған, жел соқса болғаны ұша жөнелетін аласа бойлы, салмағы жеңіл, басты кейіпкер, яғни, Қаңбақ шалдың өмір өткелдері мен тағдыры баяндалады.           
Қазақ халқының жүрегіне жол тартқан Қаңбақ шал қойылымы батылдыққа, сенімділікке, адалдыққа шақырады.