«ЕР ТӨСТІК» Қ.Ежембек

Қоюшы режиссер – Қ. Ешмұратова,    
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі     
Қоюшы суретшілер – Ш.Елембаева, Н. Клименко  

Биін қойған – Ю.Амирова
Режиссердің ассистенті – Д.Бейсенбаев, Мәдениет қайраткері      
Режиссердің көмекшісі – А. Қанаева


Өр рухты ояту негізінде, қиял өрісінен туған әр елдің өзіндік хас батыр тұлғалары бар. Біздің, қазақ халқы да ондай кейіпкерлерден кенде емес. Соның бірі – әйгілі Ер Төстік.      
Бұл қойылымда Отанын, ел-жұртын, туған-туыс, ата-анасын Жезтырнақ пен қарақшылардың қара ниеттерінен құтқарып, аман сақтап қалған Ер Төстіктің батыл қадамдары дәріптеледі.    
Ар-ождан алдында абыройлы болуға жетелейтін туынды, әркімнің намыс, қайрат, жігерін одан әрмен мықтылай түсеріне сенімдіміз.