«Алиса бағдаршам әлемінде»

Қоюшы - режиссер – А. Салаева           
Қоюшы - суретші –Н. Клименко, Л.Қожақова
Режиссердің ассистенті – М.Ташпенов
Режиссердің көмекшісі – А. Қанаева


Өзінің тағы мен тәжін сиқырлы шар арқылы қайтармақ болған қатыгез қызыл ханшайым, Алиса және оның досы көжекті 21 ғасырға апарып тастайды. Олар үлкен қалада жол жүру ережелерін білмегендіктен, көптеген оқыс оқиғаларға тап болады. Бірақ, парасаттыбас кейіпкер ережелерді үйрену арқылы қиындықтардан шығудың жолын табады.