«Жарық сәуле»

«Жарық сәуле»
(Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби композиция)
Авторы: Қ. Ежембек
Қоюшы-режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қ. Ешмұратова,
Айжан Салаева
Қоюшы-суретші: Е. Сүлейменов
Хореограф: Ю. Амирова

Кемел ойдың кемеңгері, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың терең, пәлсапалық ойлары, мәңгілік мұрасы, өлмейтін өлеңдері адамдықтың кілті, надандықтың құлпы. Абай – қараңғы түнектегі жарық сәуле! Оның жарығы жүрекке тұнар жыр, көңілге қонар нұр.  Өйткені данышпанның жұмбақ әлемі  – ғылым мен білімнен тұрады.   Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қуыршақ театры сахналаған туынды да Абайдың бала күнінен бастап, есейген шағына дейінгі айтулы оқиғалары, қызыққа толы сәттері,  аударған мысалдары қуыршақ арқылы ойнатылып, көрермен назарына ұсынылады. Сондай-ақ, әдеби композиция барысында Абайдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалады.