«ЖАРЫҚ СӘУЛЕ»

Бүгінгі күн, ертеңгі тарих. Корпоративтен естелік
14.01.2020

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»
Ахмет Байтұрсынұлы

«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек…Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі»
Міржақып Дулатов

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр».
Мұхтар Әуезов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Егемен Қазақстан» газеттерінің беттеріне шыққан «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында  ұлы ойшыл, ғұлама, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы Мемлекеттік деңгейде тойланатынын, рухани мерекенің  басталғаны туралы жариялады.

Абай тұлғасын өскелең ұрпаққа, балаларға таныту, ғұламаның мәңгілік мұрасын насихаттау мақсатында Елордалық қуыршақ театры ақпан айында «Жарық сәуле» атты әдеби-сазды композициясын көрермен назарына ұсынатын болады.