Қаланың атын ауыстыруды қолдаймын

8 March
11.04.2019
Happy birthday, beloved city!
06.07.2019

Астана қаласының атын “Нұрсултан” деп ауыстыру жайлы ұсыныс, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Тақтың басына жаңа келген елбасы Қасым Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қабылдады. Бұл мәселеге байланысты, қазіргі таңда халықтың ортасында жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қала атын ауыстыру қомақты қаржыдан бөлек, біршама уақытты қажет етеді. Бірақ тарихи маңызды есім беруге бұл жайттар кедергі болмауы керек. Себебі, елін сүйген ел сүйген елбасына байланысты бұл есім берілсе, халықтың рақметі деп есептеймін. Еліміз отыз жыл бойы бейбіт заманында өмір сүрді. Біз үшін, Нұрсултан Назарбаев Әбішұлы ұлы тұлға болып есептеледі. Сол кісінің есімімен астанамыз нұрлана түсетініне сенемдеміз. Бастысы халықтың таңдауы, көпшіліктің ортасынан ұсынылған шешім. Тіпті үлкен саяси шешім қабылдаған, атауын өзгерткен астаналардың бірі болып , тарихи кезеңді бастан кешкен мемлекет болып қалыптасамыз. Басқа өзге мемлекеттерге деген, біздің ата-заманнан келе жатқан үлкенге сый құрмет жасаған, әдет-ғұрыпты ұстанған халық екенімізді тағы бір рет дәлелдейтін сәт.